Месси Аргентина сапындағы жүзінші голын соқты

Месси Аргентина сапындағы жүзінші голын соқты
Футбол

ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасы сапындағы 100-голын соқты, деп хабарлайды Bassport.kz.

"Матч ТВ" сайтына сілтеме жасап. Шабуылшы мерейтойлық голын Кюрасао құрамасына қарсы жолдастық кездесуде соқты.

Қазіргі әлем чемпиондарының капитаны бірінші таймда хет-трик жасады, бірінші соққан голы Аргентина құрамасында Лионель үшін жүзінші болды. Осылайша, "Алтын доптың" жеті дүркін иегері ұлттық құрама сапында 102 гол соғып үлгерді.

35 жастағы Месси ұлттық құрама сапында 100-ден астам гол соққан үшінші ойыншы атанды. Бірінші орында португалиядық Криштиану Роналду (122 гол), ал екінші орында ирандық Али Даеи (109 гол).