Ангелина Лукас қырықтан асқан боксшымен жекпе-жек өткізбек

Ангелина Лукас қырықтан асқан боксшымен жекпе-жек өткізбек
Бокс

Екінші жеңіл салмақта UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінің иегері қазақстандық Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) 30 сәуірде Стамбулда рингке шығады, деп хабарлайды bassport.kz.

Ол WBC International чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады деп жоспарлануда.

Лукас 43 жастағы мексикалық Ана Аррасоламен кездеседі. Оның кәсіби рекорды – 28 жеңіс (оның 14-і нокаутпен), 16 жеңіліс және 3 тең нәтиже. Ангелина Лукас өзінің алдыңғы жекпе-жегінде UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды - 11 желтоқсанда ол Алматыда танзаниялық Лулу Кайажды (8-9-4, 2 КО) мерзімінен бұрын жеңді.