"Қайрат" футбол клубы түркиялық "Фенербахче" түлегімен келісімшартқа отырды

Футбол

"Қайрат" футбол клубы 20 жасар қорғаушы Микаэль Аскаровпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Bassport.kz.

Келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Айта кететін бір жайт, биылғы маусымда Аскаров "Екібастұз" сапында жалға ойнайды.

Микаэль Асқаров ыстамбұлдық «Фенербахче» клубының түлегі. Ол түркиялық "Адана Демирспор" клубында да ойнаған.