Магомед Адиев: Қазақстан командалары бюджеттің ақшасына байланып қалған

 Магомед Адиев: Қазақстан командалары бюджеттің ақшасына байланып қалған
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

 Адиев Қазақстанға келген 2021 жылдан бері ел премьер-лигасы жаңа деңгейге көтерілді ме деген сұраққа жауап берді.

Қанша дегенмен командалар бюджеттің ақшасына отырып қалған. Сондықтан жоғары легионерлер алуға мүмкіндіктері жоқ. Бұрындары көбірек ақша бөлінгенде біраз мықты ойыншылар келген еді. Қазір оларды шақыру қиын. Чемпионаттың құрылымына өзгеріс қажет. Ал әзірге жағдай осындай. Таңдау да көп емес. Бапкерлер бар ойыншы команда жасақтайды. Дегенмен, таза жоқ деуге келмейді, - дейді Адиев.

Айта кетейік, Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдан баптап жүр. Оның алдында Қарағандының «Шахтер» клубының жаттықтырушысы болған.