Гагарин Кубогының соңғы жартылай финалисі анықталды

Гагарин Кубогының соңғы жартылай финалисі анықталды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы Гагарин Кубогы ширек финалының ЦСКА мен "Локомотив" командалары арасындағы серияның жетінші матчы өтіп, мәскеулік клуб ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Шешуші ойында 5:0 есебімен жеңіске жеткен ЦСКА командасы Гагарин Кубогының жарытлай финалында бақ сынайды. Батыс Конференциясының финалында мәскеулік клуб Санкт-Петебургтің СКА-сымен сынға түседі. ЦСКА сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц өнер көрсететінін айта кетейік. 

ЦСКА (Мәскеу) - "Локомотив" (Ярославль) - 5:0 (2:0, 1:0, 2:0)

1:0 - Слепышев (Светлаков, Классон) - 04:26

2:0 - Абрамов (Полтапов) - 09:12

3:0 - Каменев (Нестеров) - 33:33

4:0 - Светлаков (Слепышев, Карнаухов) - 44:50

5:0 - Григоренко (Соркин, Мамин) - 55:17

Қақпашылар: Рейдеборн - Исаев

Сериядағы есеп: ЦСКА - "Локомотив" - 4:3 (2:0, 3:2, 2:6, 3:1, 0:1, 1:2, 5:0)