"Барыстың" қаржылық жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасындағы ең нашар маусымын өткізіп, Шығыс Конференциясында соңғы орын алған "Барыстың" қаржылық жағдайы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Журналист Алексей Шевченко клуб хоккейшілерінің біраз уақыт бойы жалақыларын алмағаны туралы жеткізді. 

"Барыстың" жағдайы мәз емес. Хоккейшілер 3 ай бойы жалақысын ала алмай жүр. Оған қоса, оның қашан берілетіні де белгісіз. Клубты ҚХЛ келесі маусымына қатыстыруға бола ма?", - деді журналист "Спорт-Экспресстің" YouTube арнасындағы "День с Алексеем Шевченко" хабарында.