Қазақстан ең көп ереже бұзған командалар қатарына кірді

Қазақстан ең көп ереже бұзған командалар қатарына кірді
Футбол

УЕФА ресми сайты 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің алғашқы екі турының қорытындысында ең көп ереже бұзған құрамалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы осы тізімдегі командалар қатарына қосылды. Магомед Адиевтің шәкірттері екі матчта 34 рет ереже бұзып, бұл көрсеткіште тек Польшаға жоь берді (35 фол). 

Алғашқы турларда көп ереже бұзған құрамалар бестігіне Люксембург (32), Шотландия (30) мен Андорра (29) кірді. 

Еске сала кетейік, Еуро-2024 іріктеуінің алғашқы матчында Қазақстан Словениядан жеңіліп (1:2), Данияны 3:2 есебімен жеңді.