Елена Рыбакина жартылай финалдағы қарсыласы туралы айтты

Елена Рыбакина жартылай финалдағы қарсыласы туралы айтты
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 жарысы жартылай финалы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

“Джессикамен бұған дейін кездестік. Өте күрделі матчтар болды, ол тұрақты ойын көрсететін жақсы ойыншы екенін атап өткім келеді. Ал мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Дайындалуға уақытым бар. Күш жинау үшін бәрін істеймін, өйткені матч күреске толы болады”, - деді Елена Рыбакина деп жазады ASAP Sports.

Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалда италиялық Мартина Тревизанды 6:3, 6:0 есебімен жеңіп кетті.