Transfermarkt: Мбаппе - әлемнің ең қымбат ойыншысы

Transfermarkt: Мбаппе - әлемнің ең қымбат ойыншысы
Футбол

Transfermarkt рейтингіне сәйкес, Франция ұлттық құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат он футболшысы тізімінің көш басында тұр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

24 жастағы футболшының трансферлік құны - 180 млн еуро. Әлемнің ең қымбат футболшыларының үздік үштігіне Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", Норвегия) - 170 млн еуро, Джуд Беллингем ("Боруссия" Дортмунд, Англия) мен Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид, Бразилия) - (екеуінің де құны - 120 млн еуро) кірді. 

Transfermarkt бойынша әлемнің ең қымбат 10 ойыншысының тізімі: 

 1. Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция) - 180 млн еуро;

2. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия) - 170 млн еуро;

3-4. Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия) -120 млн еуро;

3-4. Джуд Беллингем («Боруссия», Англия) - 120 млн еуро;

5-6. Филип Фоден («Манчестер Сити», Англия) - 110 млн еуро;

5-6. Джамал Мусиала («Бавария», Англия) - 110 млн еуро;

7-9. Федерико Вальверде («Реал», Уругвай) - 100 млн еуро;

7-9. Виктор Осимхен («Наполи», Нигерия) - 100 млн еуро;

7-9. Педри («Барселона», Испания) - 100 млн еуро;

10. Гави («Барселона», Испания) - 90 млн еуро.