Михайлис «Барыс» клубынан кетуге шешім қабылдады

Михайлис «Барыс» клубынан кетуге шешім қабылдады
Хоккей

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис командамен келісімшартты созбайды, деп хабарлайды  bassport.kz.

«Шайба.kz жазуынша, 27 жастағы ойыншы командадан кетуге шешім қабылдаған. Ол Құрлықтық хоккей лигасында былтырғы маусымда 58 матчта 41 (15+26) ұпай жинады.

«Барыс» алғаш рет Шығыс конференциясында соңғы орын алып, плей-оффтан тыс қалды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы осыған дейін карьерасын толықтай «Барыстың» жүйесінде өткізген.

Михайлистың кетуі туралы ақпарат былтыр жазда пайда болған еді. Ол кезде Михайлиске 377 миллион теңге жалақы беріп, алып қалған болатын.