Бенземаның "Реалдағы" болашағы бұлыңғыр. Ойыншы мансабын қайда жалғастырады

Бенземаның
Футбол

 “Реал” шабулшысы Карим Бенземаның мадридтік клубтағы болашағы бұлыңғыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Todofichajes мәліметінше, ойыншыға Сауд Арабиясынан тиімді ұсыныс түсіп отыр. Франциялық шабуылшы бұл елді мансабын аяқтау үшін тиімді ел деп санайды.

Ал “Реал” болса, форвардқа жаңа келісімшарт ұсынуға асығар емес. 

Биылғы маусымда 35 жастағы футболшы Ла Лиганың 16 матчына қатысыр, 11 гол мен 3 нәтижелі пасты өз есебіне жазды. Ал оның командасы Испания чемпионаты турнирлік кестесінде екінші орында тұр.