Шавкат Рахмонов айқастан қанша табыс тапқанын айтты

Шавкат Рахмонов айқастан қанша табыс тапқанын айтты
Жекпе-жек

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов американдықпен өткен айқастан қанша пайда тапқанын айтты.

Бұл туралы орта салмақта UFC-дің жарқын жұлдыздарының бірі Рахмонов (17-0) Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты:

 — 200 000 доллардан сәл көп. 

— Саған ғана тиесілі сыйақы ма? 

 — Иә, таза табысым. Негізі менің деңгейімдегі спортшылар анағұрлым көбірек пайда табады. Келісімшарт бар, соған сай жұмыс істейсің. 

Айта кетейік, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирі аясында Рахмонов америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен жеңді.