Шавкат Рахмонов UFC-дегі рекордынан айырылды

Шавкат Рахмонов UFC-дегі рекордынан айырылды
Жекпе-жек

Аралас жекпе-жектің жарқын жұлдыздарының бірі Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын жеңген жеңістер саны бойынша UFC-дегі рекордын сақтап қала алмады, деп хабарлайды BasSport.kz.

UFC-де қатарынан бес рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен Рахмонов бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында тұрған. Енді оның орнын ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басты.

Спортшы қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген.