Шавкат Рахмонов Олимпиада чемпионымен бірге жаттығу жасап жүр

Шавкат Рахмонов Олимпиада чемпионымен бірге жаттығу жасап жүр
Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев мүшесі болып табылатын DAR Team командасының бапкері Эдуард Базров Осетиядағы жаттығу жайлы айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Оқу-жаттығу жиындары жопар бойынша жүріп жатыр. Бәрі жақсы. Бұл жерде мықты спарринг-қарсыластар бар, күрестен Ресей, әлем чемпионаттарының жүлдегері жүр. Бізбен бірге залда Олимпиада чемпионы Заурбек Сидаков жаттығу жасайды, Шавкатпен бірге ортақ жұмыс істеу туралы жоспар қойдық. Қазір Шавкат әлемнің екі дүркін чемпионы, жастар арасында Еуропа чемпионы Алан Багаевпен жаттығу жасап жатыр. Саид Ресей чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Кахабер Хубежтымен бірге жаттығады. Сонымен қатар күрестен Әзербайжан құрамасы да бар. Бәрі өздерінен бір бас жоғары спортшылармен жаттығу жасап жатыр. Бірақ біз күресіп қана қоймай, ММА-ді де, боксты ұмытпаймыз. Араластырып отыруға тырысамыз, – деді Базров.