Жаңа рекорд. Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Жаңа рекорд. Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Теннис

Отандық теннисшіЕлена Рыбакина Рим турниріндегі жеңісінің арқасында жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Елена Римдегі жеңісінен кейін 5090 ұпай жинап, WTA рейтингінде француз Каролин Гарсияны басып озып, төртінші орынға көтерілді. Италия астанасындағы жарыстың қарсаңында Рыбакина алтыншы орында болған.

Енді, міне, осы жеңісі үшін 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 521 754 еуро табыс тапты.

Қазіргі уақытта көшбасшы поляк теннисшісі Ига Швентек– 8940 ұпай, екінші орында белорус қызы Арина Соболенко – 7541 ұпай, үшінші орында америкалық Джессика Пегула – 5205 ұпай бар.

Айта кетейік, бұл Елена Рыбакинаның биылғы жылғы екінші титулы. Бұған дейін наурыз айында ол Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің жеңімпазы атанды.