Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогына ие болды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогына ие болды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Түркияның Стамбұл қаласында өткен Əлем кубогыныу жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады. 

Алтын медаль үшін тартысты Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20. Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған Ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан. 

Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44. Ал жартылай финалда Ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).

Жалпы бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.