Әлем чемпионаты: он бірінші күннен кейін Қазақстанның турнирлік кестедегі жайы қандай

Әлем чемпионаты: он бірінші күннен кейін Қазақстанның турнирлік кестедегі жайы қандай
Хоккей

Рига мен Тампереде өтіп жатқан әлем чемпионаты он бірінші жарыс күнінен кейінгі турнирлік кесте жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын Словенияға қарсы өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті және “В” тобында алтыншы орынға қайта оралды. Топтық кезеңдегі 7 ойын нәтижесінде Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері қоржынында 7 ұпай бар. 

Егер плей-офф шығудан үмітті Словакия құрамасы Норвегияны негізгі уақытта, овертаймда не буллиттер сериясында жеңсе, Қазақстан топтағы алтыншы орнын сақтап қалады. 

Ал словакиялық хоккейшілер үздік төрттікке енуі үшін норвегиялықтарды негізгі уақытта жеңуі керек. Сонымен қатар, Швейцарияның негізгі уақытта Латвияны жеңгені қажет.