Месси «Астон Вилла» клубына шақыртылды

Месси «Астон Вилла» клубына шақыртылды
Футбол

«Астон Вилла» және Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиді әзілдеп Бирмингем клубына шақырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Мессиді «Астон Виллаға» шақырамын. Мен оған мате дайындап, әр демалыс сайын картоп қуырып беремін, ол мұнда уақытын жақсы өткізеді. Қажет болса, Месси үшін жалақымды қысқартамын, – дейді Мартинес ESPN.