Данияр Елеусінов – басты мақсат – промоутер табу керек

Данияр Елеусінов – басты мақсат – промоутер табу керек
Бокс

 Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокста жүрген Данияр Елеусінов (11-0, 6КО) Bassport.kz тілшісі эксклюзивті сұхбат алды. 

Боксшы жақында Boxing Stars компаниясының менеджерлері - Зия Алиев, Элвиса Креспо, Джо Кьямбомен келісімшартты тоқтату бойынша сотқа жүгінген еді. Соның себебін түсіндірді. 

Сотқа жүгінуге бел будық. Себебі, келісімге келмей жатыр. Олардың сұрап отырған ақшаларының көлемі де орасан зор. Сұраныстары іске асуға лайықты емес. Мәселелерді шешіп жатқан заңгерлер бар. Өте тәжірибелі мамандармен бірге әрекет етіп жатырмыз. Бокс саласында 40 жыл жұмыс істеген кісі көмектесуде. Сондықтан бәрі оңынан шешіледі деп үміттенемін - дейді Данияр Елеусінов. 

Ол алдағы мақсатында айтып өтті. Жоспары – рингке оралу екен. 

 Сот қалай аяқталады? Соның бәрін күтіп отырмыз. Бәлкім, сот оған дейін де рингке шығуға рұқсат етуі мүмкін. Өзім қазір Майамидемін. Басты мақсат – промоутер табу керек болып тұр. Бірақ көп промоутерлер жұмыс істеуге қорқады. Өйткені заң жағынан кімде қиындық бар екен деп алаңдайды. Ертең оларды сотқа беруі мүмкін екенін біледі. Осы мәселені шешіп алуым қажет. Қорықпай жұмыс істей беріңдер десе болды, - дейді боксшы. 

Олимпиада чемпионы әзербайжандық менеджері Зия Әлиевке тоқталып өтті.


Ол қазір Иван Дычко, Магомедрасул Меджидовтермен жұмыс істеп жүргенін айтты. Олардың ешқайсысының жұлдызын жарқырата алған жоқ. Әйтпесе, Зияның қасында жүрген боксшылардың барлығы әуесқой бокста жүлде алған жігіттер. Бірде-бір боксшыны чемпиондыққа әкеле алмады. Іс жүзінде бәрі көрініп тұр. Әрине, оңай емес. Бірақ сондай дарынды боксшыларды жинап алып, жоғары жетістікке жеткізбеу – менеджерге сын, - дейді Данияр Елеусінов.

Ол осы ретте карьерасын аяқтауға әлі ойы жоқ екенін айтты.

 Бірақ бұлай жалғаса берсе, қиын. Бәрі де алланың қалауымен ғой. Сондықтан жақсы жаңалықтарға сенемін, - деді боксшы.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы айқасын 2021 жылы 18 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізген. Оның қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леао болды. Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Жалпы барлық раундта Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.