Георгий Жуков Қытай Суперлигасындағы алғашқы голын соқты

Георгий Жуков Қытай Суперлигасындағы алғашқы голын соқты
Футбол

Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қытай суперлигасындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандасымыз «Цанчжоу Майти Лайонс» сапында «Бэйцзин Гоань» қақпасынан саңылау тапты. Жуков есеп 1:1 кезінде командасын алға шығарған. Бірақ одан кейін бес доп жіберіп, «Цанчжоу Майтс Лайонс» 2:6 есебімен ұтылып қалды.

Георгий толық матч өткізді.

«Бэйцзин Гоань» (Бейжің, Қытай) – «Цанчжоу Майти Лайонс» (Цанчжоу, Қытай)

Голдар: Чжан Сичжэ 16, Ван Цзымин 31, 52, Кан Сан У 40, Гао Тяньи 58, Ян Лиюй 63 – Мариту 8, Жуков 25.