“Барыстың” экс қақпашысы клубқа қайта оралады

“Барыстың” экс қақпашысы клубқа қайта оралады
Хоккей

Канадалық қақпашы Эдди Паскуале “Барысқа” қайта оралып, астаналық клубпен екі жылға келісімшартқа отырады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

32 жастағы голкипер өткен маусымда магнитогорскілік “Металлург” сапында ойнап, 50 ойында 23 жеңіске жетті. Оның пайдалылық көрсеткіші болса, Паскуале қақпасы жасалған соққылардың 92.7%-ын кері қайтарған. 

Ал плей-оффта ол 10 матчта 4 жеңіске қол жеткізген. Сеніміділік көрсеткіші - 2.67, ал кері қайтарылған соққылар көрсеткіші - 90.6%. 

Бұған дейін канадалық қақпашы 2019-2020

жылдары “Барыс”, ал 2020-2022 жылдар аралығында “Локомотив” намысын қорғаған.