Олимпиада чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаттығатын залға барды

Олимпиада чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаттығатын залға барды
Бокс

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақтың былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаттығатын залға барды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақ боксшысы Джеймс “Бадди” Макгирттің Окснардтағы жаттығу залына барып, әлеуметтік желідегі парақшасына пост жариялады.

”Жақында…”, - деп жазды Данияр Елеусінов желіде жариялаған жазбасында. 

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Данияр Елеусіновтің менеджерлері Зия Алиевті, Элвис Креспо Джо Кьямбоны сотқа бергені белгілі болған еді.