Месси Франция чемпионаты аяқталған бойда “Әл-Хилальмен” келісімшартқа қол қояды

Месси Франция чемпионаты аяқталған бойда “Әл-Хилальмен” келісімшартқа қол қояды
Футбол

Сауд Арабиясында “ПСЖ” шабуылшысы Лионель Мессидің Франция чемпионаты аяқталған бойда “Әл-Хилальмен” келісімге келеді деп күтіліп отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Marca басылымының жазуынша, келісімшартқа қол қою процесі 1 Лига ойындары аяқталғаннан кейін араға ұзақ уақыт салмай болады. Сауд Арабиясында Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы дуэльді қайта жандандыру идеясы болған және келер маусымда ол ой жүзеге асып қалуы әбден мүмкін. 

“Әл-Хилаль” аргентиналық шабуылшыға жылына 300 млн еуро жалақы ұсынады. 

Айта кетейік, Месси 2021 жылдан бері “ПСЖ” намысын қорғае келеді. Оның франциялық клубпен жасасқан келісімшартының мерзімі 30 маусымда аяқталады.