Ұлттық құрама Алматыда дайындық жүргізеді

Ұлттық құрама Алматыда дайындық жүргізеді
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында маусымдағы екі ойынға дайындықты Алматыда жүргізеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Meta-ratings.kz тілшісінің жазуынша,Сан-Марино мен Солтүстік Ирландиямен табиғи газонда ойнайтын болғандықтан, жаттығуға Алматы әдейі таңдалып алынған. Жаттығу Орталық стадионда өтеді. Дайындық 8 маусымда басталады. 

Қазақстан құрамасы 17 маусымда Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ал Белфастта Солтүстік Ирландиямен ойнайды.