Әли Әлиевтің тілегі орындалды. Тапалов кеңейітлген тізімге қосылды

Әли Әлиевтің тілегі орындалды. Тапалов кеңейітлген тізімге қосылды
Футбол

«Қызылжар» командасының әмбебап футболшысы Еркін Тапалов ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне қосылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Meta-ratings.kz сайтының жазуынша, футболшы 26 мамырда шенген визасын алуға құжаттарын тапсырған. Ұлттық құрама 17 маусымда Италияда Сан-Мариномен, 20 маусымда Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

Биыл 29 жастағы қорғаушы 10 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас шығарған. «Қызылжар» премьер-лигада үздіктер қатарында келе жатыр.

Наурыз айындағы ойындар қарсаңында «Қызылжар» бапкері Әли Әлиев ең болмаса Тапаловты кеңейтілген тізімге қоспадыңдар деп ренжіген.

Жалпы, футболшы бұған дейін ұлттық құрамада 6 ойын өткізген.