Технология

YouTube 2022 жылдың ең танымал видеоларын атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

YouTube видеохостингі 2022 жылғы ең танымал бейнелерді атады. Бұл тізім видеохостинг сайтында жарияланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

YouTube желісіндегі ең танымал видео - Minecraft ойынындағы стримдерінің арқасында танымал болған Technoblade лақап атымен белгілі блогер туралы видео. Ол 2022 жылдың маусымында 23 жасында қайтыс болған еді. Видеода Техноблэйдтің әкесі блогердің жазылушылармен қоштасу хатын оқып берді. Видео 87 миллионнан астам қаралым жинады.

Екінші орынға «Оскар» сыйлығының бейнеклипі бұйырды. Онда актер Уилл Смит әйелінің шашына қалжыңдағаны үшін әзілкеш Крис Роктың бетінен шапалақпен ұрған. Үздік үштікті Dream лақап атымен танымал Minecraft стреймерінің пайдаланушыларға алғаш рет жүзін көрсеткен видеосы қорытындылады.

Жылдың ең көп қаралған 10 бейнебаянына сонымен қатар рэперлер Dr. Dre Снуп Догг, Эминем, Кендрик Ламар, 50 Cent және әнші Мэри Дж. Блайдждың АҚШ суперкубогының финалында үзіліс кезінде ән айтқан видеосы кіреді. Бұдан кейін блогер MrBeast видеосы, онда ол Роалд Далдың «Чарли және шоколад фабрикасындағы» Вилли Вонка кейіпкері фабрикасының көшірмесін көрсетті. Сондай-ақ тізімде инженер Марк Роберт алаяқтық байланыс орталығы үшін ойлап тапқан кек алу әдісі туралы бейнеролик те бар.