Bugin

Көлік екіге қақ айырылған: Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы @qazaqstantv телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 27 қаңтарға қараған түні болған.

Honda Civic маркалы көліктің жүргізушісі Сайын көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатып, рульді тізгіндей алмай, электр желісінің бағанына соғылған. Қатты соққыдан көлік екіге бөлініп кеткен.

Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды.