Bugin

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 30 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 05:49 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 14.0.

MPV магнитудасы – 6.3.

Эпицентр координаттары – 40.14° с.е. 82.18° ш.б.

Тереңдігі – 15 шақырым.

Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Айта кетейік, мұның алдында 25 қаңтар күні қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеген еді.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат