Bugin

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтап тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе облысында 37 жастағы мектеп директоры жанжал кезінде әйелі мен қызын пышақтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Облыс прокуратурасының мәліметінше, 37 жастағы ер адам жұбайымен жанжалдан кейін оған және 8 жастағы өгей қызына пышақ салған. Әйел күйеуінің мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Сондай-ақ келіншек жүкті болған. 

Полиция күдіктіні ұстады. Ол аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеген. Кейін мектеп директоры болып алты ай қызмет атқарған.

"Ер адамға  "Жүкті әйел мен кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауда отыр", - деді прокурор.

Келесі күні іс сотқа жіберілді, алдын-ала тыңдау екінші ақпанға тағайындалды.