Bugin

Белгілі оппозиционердің жұбайы мәжіліс сайлауына түседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Парламенттік сайлауға қатысамыз! Қадірлі ағайын! Өздеріңізге мәлім, елде парламент сайлауы жарияланды. Биыл мәжіліске тек қана партиялық тізіммен емес, жеке округтер бойынша мажоритарлы жүйемен өтуге болады. Үш жылдан астам бойы күрессек те, билік біздің партияны тіркеген жоқ. Құрылтай съезін өткіземіз дегенде, түрлі арандатуларды ұйымдастырып, ондаған белсендімізді пойыздан түсіріп, ақыр соңында жиынымыздың шырқын бұзды. Бірақ бұл - күрес тоқтады деген сөз емес. Алдағы уақытта біз демократиялық партияны ресми тіркеуден өткізу жұмысын қайта жандандырамыз", - деп жазды ол.

Инга Иманбайдың Демократиялық партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің белсенділерімен ақылдаса келе, белгілі сарапшылармен, саясаттанушылармен кеңесе отырып, "алдағы парламент сайлауына қатысамыз деген шешім қабылдадық" деп жазды. Оның жақтастары мәжіліс сайлауына тек Алматы қаласы бойынша емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінен азаматтар қатысады деген байламға келген.

"Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауға тиіс. Парламент халыққа қажетті заң қабылдайтын, елдік, ұлттық мүддені қорғайтын, ақиқатты айтатын биік мінбер болуы керек! Барлық демократиялық елдерде солай. Алдағы уақытта кандидат ретінде құжаттарымызды тапсырамыз, ресми түрде тіркеуден өтуге талпынамыз. Барлығын ашық түрде сіздерге хабарлап, көрсетіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыз, ағайын!" - дейді ол.