Bugin

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысындағы тас жолдың бірінде жол апаты болды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ішкі істер министрлігінің телеграм-каналына сілтеме жасап.

30 қаңтарда Алматы-Өскемен тас жолының 54-шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері жол апатына ұшырады..

Форд автокөлігі өртеніп, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полициядағылар.