Bugin

Елімізде жұмыс істейтін шетелдіктердің жалақысы отандастарымыздан әлдеқайда жоғары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысының диспропорциясы ең көп тараған еңбек тәртібін бұзу деп аталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшылардың құқықтарын сақтауы – бөлек сала.. Ең жиі кездесетін бұзушылық – отандық және шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеудегі диспропорция. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 66 ұсыныс енгізілді, 228-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 72 миллион теңге айыппұл салынды, әкімдіктер 266 рұқсаттың күшін жойды, 150 шетелдік елден шығарылды", - деп хабарлады сейсенбіде бас прокуратура.

2022 жылы прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 68 кәсіпорындағы 4000 қызметкерге 1,5 млрд теңге көлемінде жалақы берешегін өтеуді қамтамасыз етті.

"Еңбекақы бойынша берешекті жедел өндіру мақсатында мәліметтер алмасу жолға қойылып, борышкерлермен жұмыс жүргізіліп, борышкерлердің мүлкіне іздеу жүргізіліп жатыр. Мәселен, "Тамыр" ЖШС серіктестіктер тобы 243 жұмысшыға 60 миллион теңге қарыз болған. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, серіктестік қарызын толығымен өтеп, жұмыс беруші 462-баптың 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысының сәйкес келмеуі ең көп тараған бұзушылық деп аталды)" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қадағалау органының мәліметінше, еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмайды.

"Прокурорлардың актілері бойынша 30 мың жұмысшының жалақысы көтерілді, 600-ден астам жұмысшыға өтемақы төленді, қорғаныс құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды, 22 техниканың жұмысы тоқтатылды. 226 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп нақтылады бас прокуратура.