Bugin

Тұрлыханов Болаттың әрекеті үшін күтпеген шешім қабылдауға шақ қалғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанадан Мәжіліске жаңадан сайланған депутат Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелесінен шыққан шудан кейін өзінің депутаттыққа кандидатурасын алып тастау туралы ойы болғанын жасырмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол ұлы Болаттың да басқалар сияқты заң алдында жауап беретінін атап өтті. Айтуынша бұл жерде ешқандай мәртебе сот процесіне әсер етпей әділ болады.

Дәулет Тұрлыханов зардап шеккендермен кездесіп, кешірім сұрағанын да қоса кетті. 

Оқиғадан соң ата-ана ретінде олармен кездесіп кешірім сұрадым, емделуге көмектесуді ұсындым, бірақ олар бас тартты, - деді ол.

Дәулет Тұрлыханов осы оқиғадан кейін ол Мәжіліс сайлауынан өз кандидатурасын алып тастағысы келгенін айтты. Алайда мұндай шешімге отбасы, достары мен туыстары қарсы болып, райынан қайтарған.