Технология

Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Миллиардер Илон Маскқа тиесілі Neuralink компаниясы компьютер мен телефонды қол көмегінсіз пайдалану үшін клиникалық сынақ жүргізуге рұқсат алды. 

Бұл туралы компанияның Twitter-дегі парақшасында: 

"Біз клиникалық сынақ өткізу үшін АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек басқармасының рұқсатын алғанымызды хабарлаймыз" делінген. 

Оң шешімнен кейін АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) Neuralink клиникалық сынақтар үшін еріктілерді іздеуді бастайды деп болжануда.

2021 жылы Neuralink миына чип қойылған маймылдың видео ойындарды ойнап жатқанын көрсеткен еді. Илон Маск бұл технологияның зағип және сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды жазылуына мүмкіндік береді деп мәлімдеді.