Өнім

Тоқаев Түркия Президенті Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды жеңісімен құттықтап, телефон шалған болатын. Ол Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтіп еді.