Спорт

Футболдан Чемпиондар лигасы финалын қайдан көруге болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Қазақстандықтар футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалындағы "Манчестер Сити" және "Интер" кездесуін қай телеарнадан көре алатыны белгілі болды.

Кездесу маусым айының 10-нан 11-не қараған түні Түркияның Ыстанбұл қаласында 00:50-де басталады.

Ойынды еліміз бойынша "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кету керек, екі команда бұған дейін ресми ойындарда кездесіп көрмеген.