Спорт

Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал франциялық шабуылшы Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды. Бұл жайлы клуб өзінің Twitter парақшасында хабарлаған.

Бензема бізбен бірге. Жаңа жолбарыс ырылдап тұр. Қош келдің «Иттихадқа», - деп жазды клуб.

Келісімшарт 2026 жылға дейін жасалған.

«Әл-Иттихад» – Сауд Арабиясының чемпионы. «Әл-Иттихад» биыл атақты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» командасын да жеңіп шыққан.

Осыған дейін Карим Бензема Мадридтің "Реал" клубы сапында 14 маусымда 647 матч өткізіп, 353 гол соқты. Биылғы маусымда ол 23 ойында 18 голдың авторы атанып, 3 нәтижелі пас берді.