Bugin

Синоптиктер: "Алматыда 8-10 сантиметр қалың қар жауады"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Алматыда 8-10 сантиметрге жететін қар жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Қазгидромет"- ке сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Қазгидромет" болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз күнгі сағат 4.00-ге дейін Алматыда 8-10 сантиметрге дейін қар аралас жауын-шашын болады деп күтіледі.

"Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр", - делінген хабарламада.

14 наурызда түнгі уақытта 320 м3 қар шығарылған. Қысқы кезеңде барлығы 367,3 мың м3 қар шығарылғаны айтылды.