Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алтын домбыра» иесі анықталды

1876
«Алтын домбыра» иесі анықталды - e-history.kz

Астана қаласында  АMANAT партиясының қолдауымен екі күн бойы  «Алтын домбыра» республикалық айтысы өтті, – деп хабарлайды E-history.kz.

«Еңбек – ел ырысы» тақырыбын арқау еткен жыр додасының ашылуына қатысқан Парламент Мәжілісінің төрағасы, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекетті мемлекет, елді ел қылған әр салада аянбай еңебек етіп жатқан жандар екенін айта келіп, Мемлекет басшысының еңбек адамын құрметтеу керек деген сөзіне тоқталды. Еңбек адамына деген ел құрметінің арта беретінін атап өтті. AMANAT-тың Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек дәстүрлі доданың мәні мен маңызына тоқталып, партия алдағы уақытта да мәдениет пен өнерге барынша қолдау көрсете беретінін жеткізді.

Айтыста 16 ақын бақ сынады. Бірінші күні 8 жұп айтыскер сөз сайыстырып, келесі кезеңге Төлеген Жаманов, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Шұғайып Сезімхан, Мақсат Ақанов, Мұрадым Мейрланов, Алина Айдаралы жолдама алды. Екінші күні 4 жұп айтысып, қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан финалға  шықты. 

Әзіл-қалжыңы аралас, салмақты ой, саралы сөз айтып жыр жекпе-жегінің көрігін қыздырған ақындардың арасынан «Алтын домбыра» Мақсат Ақановқа бұйырды. 1-орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы Мейірбек Сұлтанханға, 2-орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға берілді. 3-орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті. Жамбылдық Алина Айдаралы, Батыс Қазақстан облысының айтыскері Мұрадым Мейрланов және алматылық Шұғайып Сезімхан арнайы жүлде иеленді.

Суреттер Amanatpartiasy.kz сайтынан алынды

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?