Жаңалықтар

30 жыл тазаланбаған су жүйелері жаңартылып жатыр

30 жыл тазаланбаған су жүйелері жаңартылып жатыр
Фото: Түркістан облысының әкімдігі 22.04.2024 14:21 337

Түркістан облысы Шардара ауданында ағын су жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына іссапарында Көксу ауылдық округінің шаруаларымен кездесті. Әкім 10-ға жуық ауыл орналасқан бұл аумақтағы коммуналдық меншіктегі қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстарын қадағалады. Бұл каналда 30 жылдан астам уақыттан бері алғаш реш тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде ауданда қашыртыларды механикалық тазалаудан бөлек, каналдарды күрделі жөндеуден өткізу, тік дренаждарды қайта құрылымдау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Шардарадағы аталған ауылда 235 шақырым қашыртқыны тазалау жоспарланған.  2024 жылға ұзындығы 63 шақырым болатын 11 канал күрделі жөндеуден өтеді. Ұзындығы 488 шақырым су арналары механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Шардара ауданында 959 шақырым су арналарын механикалық тазалау жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға