Жаңалықтар

Алматыда көлік жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып мерт қылды

Алматыда көлік жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып мерт қылды
Фото: © Polisia.kz 08.11.2023 05:24 486

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында, "Есентай Молл" сауда орталығына қарама-қарсысында жол апаты болды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 1989 жылғы келіншекті жеңіл көлік қағып, мерт қылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға орнынан бірнеше ондаған метр қашықтықта жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелінің болғанына қарамастан әйел адам көліктер жүйіткіп жатқан жолды кесіп өтпекке бел буған. 

Куәгерлердің айтуынша, келіншек жолдың бір бөлігін кесіп өтіп, ортада сәл аялдап, үлгеремін деп ойлаған болуы керек, келесі бөлігінен де жүгіріп өтпек болғанда шығыс бағыттан келе жатқан BMW X6 көлігінің астына түскен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға