Жаңалықтар

Астаналық адвокат алаяқтық жасап, 11 жылға сотталды

Астаналық адвокат алаяқтық жасап, 11 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 22.02.2024 15:52 585

Адвокат өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында, пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңге қаражатын иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы аударылған қаражаттардың өз жұмысы үшін ақысы ретінде алғандығы туралы алқабилерді сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағандығын дәлелдеді. 

Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген ақпаратта.

Пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға