Жаңалықтар

Атбасар ауданында еріген судың төгілу қаупі жойылды

Атбасар ауданында еріген судың төгілу қаупі жойылды
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі 29.03.2023 12:48 703

28 наурызда еріген судың ағуы нәтижесінде Лука Белаж көшесінде судың толып кетуіне байланысты А. Островский және М.Әуезов көшелерімен аққан болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖ департаменті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылданған жедел шаралары арқасында аталған учаскеде инертті материалдар, сондай-ақ қапшықтар төселді.

ТЖ департаменті жеке құрамының 25 адамы, екі бірлік айдау техникасы жұмылдырылды, жергілікті атқарушы органдар инертті материалдар мен үйінділерді әкелу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі уақытта қауіп жойылды. Су басу қаупі жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға