Жаңалықтар

Атырауда есірткі саудасымен айналысқан екі адам сотталды

Атырауда есірткі саудасымен айналысқан екі адам сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 07.06.2023 10:30 381

Атырау облысына өзге өңірден келіп есірткі сатқан екі адам 7 және 10 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, есірткі сатушылар 2022 жылдың 13 желтоқсанында ұсталған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласының Көкарна ықшам ауданында есірткі затын аса ірі көлемде сақтаған өзге облыстың 2002 және 2004 жылғы тұрғындарын анықтап, ұстаған болатын. Кексеру жұмыстары кезінде полимерлі пакеттегі 19 «Ziplock» психотроптық және әртүрлі түстегі 18 флакондағы есірткі заттары тәркіленді. Медициналық сараптама қорытындысымен 59,2891 грамм болатын мефедрон және 339,0289 грамм «Альфа PVP» синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Күдіктілер алдын-ала сөз байласу, электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтау және өткізіп, тасымалдауды жүзеге асырған, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері есірткі сатушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеу әрекетін жүргізген. Жақында сот шешімімен өз кінәсін мойындаған 2002 жылғы азамат 10 жылға, ал 2004 жылғы азаматша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға