Жаңалықтар

Атырауда жертөледен ер адамның мүрдесі табылды

Атырауда жертөледен ер адамның мүрдесі табылды
Фото: © Polisia.kz 07.06.2023 06:18 603

Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның мүрдесі бүгін, 6 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында табылған.

Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген ұсынылған ақпаратта.

Әзірге ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жүргізуді бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға