Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Алексей Чуркин қола медаль алды

Колумбияда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Алексей Чуркин қола медаль алды
Фото: prosports.kz 10.12.2022 10:44 733

Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алексей Чуркин Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 73 келі салмақта 343 (150+190) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Алтын және күміс медаль Индонезия өкілдері Фрахмат Абдулла – 352 келі (152+200) мен Ризки Джуниясьяға – 347 келі (155+192) бұйырды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға