Жаңалықтар

Байқаушылар еліміздегі 9790 ашық сайлау учаскелеріне қатысты

Байқаушылар еліміздегі 9790 ашық сайлау учаскелеріне қатысты
Фото: El.kz 19.03.2023 21:17 612

Әрбір сайлау учаскесінде бүгін өте күрделі жұмыстар атқарылды. 21:00-де еліміздегі барлық сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау үрдісі басталып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл турaлы «Сaйлaу 2023» online мaрaфонындa  «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Құнәділов мәлімдеді.

Ол таңғы сағат 06:00-ден бастап сайлау үрдісін қазіргі уақытқа дейін бақылау жұмыстарын жүргізу үлкен күшті, жігерді және жауапкершілікті талап ететін шаруа  екендігін атап өтті. Сонымен қатар байқаушыларға алғысын білдірді.

"Біздің қоғамдық бақылау коалициясының байқаушылары 9790 еліміздегі ашық сайлау учаскелеріне қатысып, 2155 байқаушыларымыз үй-жайдан тыс жерден дауыс беру рәсімін байқап, өз жұмыстарын жүргізді. Қазір де жұмыстарымызды жалғастырудамыз", деді «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға