Жаңалықтар

Болашақта адам миына чип салынуы мүмкін

Болашақта адам миына чип салынуы мүмкін
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 27.05.2023 02:13 950

Әлемге әйгілі миллиардер Илон Масктың компаниясы болашақта адам миына чип салуы мүмкін, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

Масктың Neuralink компаниясы компьютер мен телефонды қол көмегінсіз пайдалану үшін клиникалық сынақ жүргізеді. Бұған рұқсат алған.

Біз клиникалық сынақ өткізу үшін АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек басқармасының рұқсатын алғанымызды хабарлаймыз, - деп жазды компания әлеуметтік желідегі парақшасында.

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) Neuralink клиникалық сынақтар үшін еріктілерді іздеуді бастауы ықтимал.

2021 жылы Neuralink миына чип қойылған маймылдың видео ойындарды ойнап жатқанын көрсеткен болатын. Илон Маск бұл технологияның зағип және сал ауруына шалдыққан адамдарға толыққанды жазылуына мүмкіндік беретінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға