Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сайлаудан не күтетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сайлаудан не күтетінін айтты
Фото: inkaraganda.kz 19.03.2023 20:45 1065

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сайлаудан кейін медициналық көмекті одан әрі жақсартуды күтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Осы болып жатқан саяси науқандардан кейін Мемлекет басшысының қойған тапсырмасына сай қазақстандықтардың ойы тез қаралып, тез шешілуі керек. Олар біздің құжаттарға енгізілуі керек. Өткір сұрақтар болуы тиіс. Мен өзім өткір сұрақтарға қуанам. Өткір сұрақтар болған кезде зерттеу институттарының ғалымдарын жинап, сол сұрақты шешуге кірісеміз. Медициналық көмекті одан әрі жақсарту болады деп ойлаймыз. Әрбір жобаны қабылдамас бұрын халықтың қалауын бірінші орынға қою болады деп ойлаймын. Қазіргі ауылдық денсаулық саласын жаңғырту бағдарламасы да халыққа медициналық көмекті одан әрі жақындатуды мақсат тұтып отыр. Барлық жобаларға қатысты халықтың ойын білетін боламыз. Сұранысына сай әрекет етеміз. Осы Парламенттік сайлаудан осы проблемалар шешімін табады деп ойлаймын”,- деді Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға