Жаңалықтар

«Екібастұз жылу энергиясы» қызметкерінің өліміне қатысты тергеу басталды

Бұл туралы Екібастұз қаласының полициясы мәлім етті
«Екібастұз жылу энергиясы» қызметкерінің өліміне қатысты тергеу басталды
Фото: kt.kz 06.12.2022 09:57 1292

Екібастұз жылу орталығының учаске бастығының өліміне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жағдай марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдасқаннан кейін болған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданады. Полицияның ішкі құжатын тарату фактісі бойынша-Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізуде", - делінген қалалық ПБ хабарламасында.

Айта кетейік, ЖЭО-ның учаске бастығының қайтыс болғаны туралы ақпарат таралған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға